Екі автобустың қақтығысынан 30-ға жуық адам қаза тапты

Зимбабведегі екі автобустың соқтығысынан кем дегенде 30 адам қаза тапты. Екі жүргізушінің бірі жылдамдықты көтерген. Тағы 36 адам жарақат алды. Бұл туралы жұма күні жергілікті билік өкілдері хабарлады. Оқиға бейсенбі күні ел астанасы Хараре мен Булавайо қаласын жалғайтын тасжолда болған. Оқиға орнында 7-8 адам қайтыс болған. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.