Екі баласын өлтірген тұрғын өмір бойы бас бостандығынан айырылды - ОҚО


Судья Әбинұр Қарабаевтың айтуынша, Созақ ауданының тұрғынына қатысты шешім бейсенбі күні жарияланған.
Іс материалдарына сүйенсек, қылмыскер балалары ұйықтап қалғаннан кейін төрт жасар баласын жүрегінің тұсынан ұрып, бауыздап тастаған. Қаныпезер әке екі жасар ұлын да солай азаптап өлтіріпті.
«Тергеу кезінде ол балаларын жақсы көргенін, бірақ көрінгеннің мазағына айналып ынжық, мінезсіз болып өскенше өлгені артық деп шешкенін айтыпты», - дейді Ә.Қарабаев.