Екі дүркін Олимпиада чемпионы Ц. Шимин кәсіпқой боксқа ауысады

23 қаңтар күні ол Бейжіңде әйгілі америкалық «Top Rank» компаниясымен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.

Бұл компанияның құрушысы Боб Арум кәсіпқой бокс саласында «ең таңдаулы жетекші» атағын бес рет жеңіп алған. Әлемге атағы жайылған біраз боксшыларды тәрбиелеген болатын. Боб Арум «Цзоу Шимин шебер боксшы. Қытай халқының ең сүйікті спортшысы. Цзоу Шиминнің алдағы уақытта табысты нәтижеге жетуі үшін компания барлық шарт-жағдайын жасауға тырысады» дейді.