Caravan Logo

Екі қазақстандық спортшы Португалиядағы турнирдің ширек финалында кездеседі

Екі қазақстандық спортшы Португалиядағы турнирдің ширек финалында кездеседі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бейбіт екінші айналымда әлемнің 150-ракеткасы, америкалық Патрик Кипсонды жолдан тайдырды. Екі сағатқа созылған тартысты матчта Бейбіт қарсыласын 7:5, 7:6 (7:5) есебімен ұтты. 

Денис Евсеев әлемнің 124-ракеткасы, тағы бір америкалық Эмилио Наваны қапы қалдырды - 7:6 (10:8), 6:0.

Енді ширек финалда Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев өзара кездеседі. Қай жеңгені жартылай финалға жолдама алады.