Екі миллион ұрлаған шенеунік 300 сағат қоғамдық жұмысқа жегілетін болды


Астанадағы мейрамханалардың бірінде болған оқиға бақылау камерасына түсіп қалған еді. Экс-шенеунік таныс қыздың сөмкесінен ақша алып, қалтасына тығады. Артынша сөмкенің иесі Айсұлу Жачина 1 миллион 800 мың теңгем ұрланды деп сотқа шағымданған. Ал Мусин өзінің рұқсатымен бар-жоғы  шотты жабу үшін  4 жарым мың теңге алдым деуден танбады.  Бірақ судья   жапа шегушіні қолдап  ұрланған ақшасын толық қайтару жөнінде  шешім шығарды. Енді шартты жазаға кесілген Қобыланды Мусин  тұрғылықты мекен-жайын өзгертпеуі керек. Арнайы органның рұқсатынсыз жұмыс істеуге де болмайды. Ең бастысы, оған енді көңіл көтеру орындарына баруға да рұқсат жоқ.