Екі некесі де сәтсіз болған Мөлдір Әуелбекова тұрмысқа шығуға қарсы емес

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова қайта тұрмысқа шығуға қатысты сұраққа жауап берді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

Әнші инстаграм желісінің сториз бөлімінде оқырмандарының сұрағына жауап берді.

Оқырманы "Тұрмыс құру тағы ойда бар ма?" деп сауал қойды. 

"Жалғыздық Аллаға ғана тән", деп жауап жазды әнші. 

Естеріңізге сала кетейік, әнші екі рет тұрмысқа шығып, екі некесі де сәтсіз болды. 


Бірінші некесінен бір ұл, екінші некесінен бір қызы бар.  бар.