Екі қазақстандық спортшы еркін күрестен өткен «Mongolian Open-2015» халықаралық жарысында жеңіске жетті

Жарыстарға ең мықты азиялық және еуропалық командалар қатысқан, олардың арасында Жапония, АҚШ, Ресей, Қазақстан және Беларусь елдері болды. 69 келі салмақ дәрежесінде белдескен Эльмира Сыздықова  ақтық кезеңде Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, АҚШ спортшысы Рэнди Миллерді жеңгенін атап өту керек. Бұдан басқа, қола медальдарға да қол жеткізген спортшыларымыз да бар. Жүлдегерлердің арасында Кисель Ирина, Екатерина Ларионова, Аяулым Қасымова, Гүлмарал Еркебаева болды.

Жарыстың ұйымдастырушылары жақсы жүлде қорын қамтамасыз етті. Бірінші орын үшін 1 000 доллар, екінші орын алғаны үшін - 800, үшіншіге - 500 доллар берілді.