Екі қазақстандық теннисші Almaty Womens халықаралық турнирінің ширек финалына шықты

деп хабарлайды ҚР теннис федерациясының ресми сайты.

Ширек финалға арналған жолдаманы сарапқа салу кезінде Залина Хайрудинова ресейлік теннисші Екатерина Пушкареваны 6:3,6:4 есебімен жеңді. Өз кезегінде Анна Данилина отандасы Екатерина Клюеваны 6:3, 6:1 есебімен екі сетте тізе бүктірді.

Бүгін Алматыда ширек финалдық кездесулер өтеді. Онда Зарина Хайрудинова Ресей елінің келешегінен зор үміт күттірер теннисші Полина Родионовамен ракетка айқастырмақ.

Анна Данилина турнирдің бірінші нөмірі өзбекстандық Влада Екшибароваға қарсылас атанбақ.

Сонымен қатар бүгін корт алаңына ресейлік қос спортшы Александра Артамонова мен Анна Смолина, турнирдің екінші нөмірі Екатерина Яшина мен Қырғызстан елінің намысын қорғап жүрген Бермет Дуванаева өзара мықтыны анықтайды.