Екі қазақстандық теннисші Almaty Womens халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты

Бүгін жартылай финалға арналған жолдаманы сарапқа салу кезінде З.Хайрудинова ресейлік теннисші Полина Родионованы 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Ал екінші жерлесіміз А.Данилина турнирдің бірінші нөмірі өзбекстандық Влада Екшибарованы 6:4, 6:3, 6:1 есебімен екі сетте тізе бүктірді.

Сонымен қатар бүгін қазақстандық теннисшілердің жартылай финалдағы қарсыластары айқындалды. З.Хайрудиноваға қарсы қырғыз теннисшісі Бермет Дуванаева, ал А.Данилинамен ресейлік А.Артамонова ойнайтын болады.