Екі қырғыз азаматы Қазақстаннан алған дәрілерді ішіп көз жұмды


Қазақстандық туберкулезге қарсы ФС-1 дәріні заңсыз клиникалық сынақтан өткізу екі адамның қазасына әкеп соқтырды, деп хабарлайды Sputnik.

Бас қадағалау органы анықтағандай, Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы ұлттық фтизиатрия орталығы “Дәрілік заттар туралы” Заңның талаптарын бұза отырып, тиісті аккредитациядан өтпей қазақстандық “Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы” Акционерлік қоғамымен дәріні клиникалық сынақтан өткізу туралы келісім жасаған. “Кейіннен орталық ФС-1 дәрісін көптеген дәрілерге төзімді өкпе туберкулезіне шалдыққан емделушілерден заңсыз сынақтан өткізген. 54 емделушіден препаратты сынақтан өткізу барысында он кісіге жанама әсерін тигізген. Сонымен қатар екі өліммен аяқталған жағдай бар”, — деп хабарлады Бас прокуратурада.  Қадағалау органы ұлттық фтизиатрия орталығы мен дәрілік қамтамасыз ету және медициналық техника департаментінің лауазымды тұлғалары үстінен қылмыстық іс қозғады.