Екі вице-министр қызметінен босатылды

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:

  • Шаймергенов Тимур Төлегенұлы Қазақстан Республикасының қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі қызметінен;

  • Жұмағұлов Айбатыр Нышанбайұлы Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды.