Екі жақты ынтымақтастық жөніндегі Қырғыз-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының отырысы Бішкекте өтеді

KZ-today ақпараттық агенттігінің Бішкектегі тілшісіне Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, отырыс барысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономика, көлік, су-энергетика, көші-қон және басқа да салалардағы өзара ынтымақтастыққа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы қаралады.

Қырғызстан жағынан комиссия жұмысын ЕурАзЭҚ-ның жанындағы Қырғызстан Республикасының тұрақты өкілі, үкімет басшысының орынбасары Базарбай Мәмбетов басқарады. Ал Қазақстандық өкілдерге ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник басшылық жасауда.