Екі жасөспірім Сырдарияға батып кетті

Қайғылы оқиға Шардара ауданы Сүткент ауылында болған. 1-мамыр күні Сырдария суына шомылып жүрген 15 жасар екі жасөспірім қыз суға батып кетті. Бір тәуліктен кейін бір қыздың денесін судан ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің құтқару қызметтері судан шығарып алды. Екінші қыздың мәйіті іздестіріліп жатыр.