Екі жол инспекторын өлтірді деп айыпталған Ақтөбе облысының тұрғыны 17 жылға бас бостандығынан айырылды

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Серік Жолдыбайдың айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 96 бабының 2 тармағының "а" және "б" тармақшаларында қарастырылған қылмысты (Азаматтың қызметтік іс-әрекет жасауына немесе кәсіби не қоғамдық міндетін атқаруына байланысты аталмыш азаматты немесе сондай-ақ, екі не одан көп тұлғаларды және оның жақын туыстарын өлтіру) жасауға толығымен айыпты деп танылды.