Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
"Биыл бірінші сәуірден бастап мемлекеттік жәрдемақыны 12 пайызға, келер жылдың 1-шілдесінен бастап 25 пайызға арттырамыз. Екі жылда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға төленетін мемлекеттік жәрдемақы 50 пайызға дейін артады", - деді ол дүйсенбі күні ОКҚ өткен брифингте.
"Былтыр бірінші топтағы мүгедектің жәрдемақысы 25 мың теңгеден сәл-ақ асатын болса, 2015 жылы 1-шілдеден бастап оның алатын жәрдемақысы 38 мың теңгеден асып-жығылмақ. Оған мемлекеттің арнайы жәрдемақысын қосыңыз. Жалпы, келесі жылдың 1-шілдесінен бастап ол 42 мың теңге көлемінде жәрдемақы алып отарытн болады", - деп түсіндірді министр.