Екібастұз ауданындағы бұрынғы әскери полигоннан саперлер жарылу қаупі бар 495 зат тапты

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, жарылу қаупі бар 495 зат залалсыздандырылған. Олардың қатарында авиациялық снарядтар мен детонаторлар бар. Минадан аршылған жердің жалпы аумағы 125 шаршы метрді құрады.