Кәсіпорын баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоба негізінде өндіріс қалдықтарын сақтайтын полигон салу көзделіп отыр.
«Жоба бойынша полигонда қауіптілігі 4-ші және 5-ші деңгейдегі қалдықтар сақталмкақ», - делінген хабарламада.
Жерді ластамау мақсатында жолға қиыршық тас төселіп, полигон аумағы қоршауға алынады және жасыл-желек егіледі.
«Үш мыңнан астам ағаш пен бұта егу жоспарланып отыр. Ауаны ластамас үшін толған секцияларды жабу көзделген. Жер астындағы су көздерін сақтау жағы да қарастырылған», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.