Екібастұз маңындағы Сәтпаев атындағы каналда ішінде үш балықшысы бар автокөлік мұз астына түсіп кетті

Қайғылы оқиға 21-наурызда Сәтпаев атындағы каналдың №11 насос станциясы маңында болған. Ішінде Павлодар облысының тұрғындары - үш балықшы отырған "Мазда" автокөлігі мұздың астына түсіп кетті. Балықшылардың бірі көліктен шығып үлгерген, ал қалған екеуі қаза тапты.

Павлодар облыстық судан құтқару қызметінен хабарлағанындай, қазір оқиға орнында мерт болғандардың мәйітін судан шығарып алу үшін сүңгуірлер тобы жұмыс істеп жатыр.
Ішінде адамдары бар автокөліктің мұз астына түсіп кету оқиғасы осымен Павлодарда үшінші мәрте кездесіп отыр.
Ал облыста 10-наурыздан бастап Ертіс арқылы өтетін барлық қысқы өткелдер жабылған. Сондай-ақ, 10-наурыздан бастап көліктер мен балықшыларға Сәтпаев атындағы канал тәрізді технологиялық су қоймаларының аумағында болуға тыйым салынған.