Екібастұзда былтыр ұры түскен «Қазпошта» АҚ филиалын тағы да тонап кетті


Аталған факт бойынша ҚР ҚК 191-бабы  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмысқа қатысы бар тұлғаларды ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, осы поштаны өткен жылы мамыр айында тонаған. Ол кезде төрт қаскөй 60 млн теңгені қалталарына басты. Олар ұсталып, екеуі 9 жылға, қалған екеуі 7 жылға бостандықтарынан айырылды.