Екпіні секундына 25 метрге дейін соққан жел екібастұздықтарды есеңгіретіп тастады. Дүлей дауылдан орталықтағы мына бес қабатты үйдің шатыры жұлынып, ауладағы бірнеше көлікті зақымдаған. 300 шаршы метр шатыр мемлекеттік бағдарлама аясында осыдан бірнеше жыл бұрын жөндеуден өткен екен. Ол үшін жұрт 15 млн теңгесін жинап берген. Тұрғындар жұмыстың сапасыз атқарылғанын бұған дейін айтқан еді. Бірақ нәтиже болмапты. Енді, міне, істің шала болғаны көрініп қалды.
Loading...