Екібастұзда ГРЭС-2 кәсіпорнын кеңейту, қайта жаңғырту жобасы іске асырылуда

М. Алшыбаева өз баяндамасында кенттің тыныс-тіршілігіне жан-жақты тоқталды, соның ішінде Солнечный кентіндегі «Екібастұз ГРЭС-2» стансасы» АҚ кәсіпорны жұмысының маңызын атап өтті.

Президенттің «Нұрлы Жол» Жолдауын орындау барысында электр стансаларындағы энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту бөлігінде ст. №3 энергоблогын орната отырып, ЕГРЭС-2 кәсіпорнын кеңейту, жаңғырту жобасын іске асыру жалғасуда.

Кенттің іскерлік бесенділігінің артуына моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру оң ықпал етті. Солнечный кентінің оншақты тұрғыны 24 млн. теңге несие алып, өз істерін бастады. Төртеуі мал, құс шаруашылықтарымен айналысса, басқалары тігін цехы, наубайхана, шаштараз т.б. ашқан.

Кентті абаттандыруға баса көңіл бөлінуде. М. Алшымбаеваның айтуынша, 2014 жылы ұзындығы 11 шақырым болатын облыстық маңызы бар «Солнечный-Екібастұз» жолы жөнделді. Осы жылы қолға алынатын балабақша мен «Мақпал» мәдениет үйінің шатырын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.


 Қала басшысы Александр Вербняк есеп беру барысында жыл қорытыныдысы бойынша қаланың ауыл аймақтарында мал шаруашылығы дамуының оң серпіні байқалатынын атап өтті. Екібастұз ет өндірісі бойынша селекциялық асыл тұқымды ірі қара мал өсіруден облыста екінші орынды иеленген.