Журналистерге мемлекеттік айыптау өкілі - Павлодар облыстық прокуратурасының тергеуді бақылау және анықтау басқармасының прокуроры Рүстем Есенов хабарлағандай, сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айыпталып отыр. Атап айтқанда, РФ Қалмақ Автономиясында туған 25 жастағы Анвар Рысаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының 1-тармағында (Алаяқтық) және 259-баптың 2-тармағының "б" тармақшасында (Сату мақсатында аса ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау) қарастырылған қылмыстарды жасады деп айып тағылған.