Екібастұзда көшеде дәрет сындырған азаматқа айыппұл салған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

"Екібастұз қаласы ПБ учаскелік полиция инспекторы бұл фактінің 22 мамырда Сәтбаев көшесінде болғанын анықтады. 21 жастағы азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалып, соттың қарауына жіберілді. Ер адам кінәлі деп танылды. Оған 48 300 теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген полиция таратқан ақпаратта. 


"Жалпы, Екібастұз өңірінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 286 адам жауапқа тартылды, оның ішінде 164 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды, 122 азаматқа 5-тен 20 АЕК-ге дейінгі мөлшерде айыппұл салынды, – деді Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қанат Кәрімжанов.