Екібастұзда мекеме қызметкері оралмандар үлесінен миллиондарды иеленген

Қубатовтың берген ақпараты бойынша, Екібастұз ТКШБ 61 жасар маманы Ғабдолла Шорманов 2011 жылдың тамызынан бастап 2016 жылдың тамызына дейін Монғолиядан келген оралмандарға заңсыз негізде жер телімдерін таратқан. Осы ретте арадағы делдалдың көмегімен әрбір берілген жер телімі үшін 200 мың және одан да көп ақы алып отырған. Оның айла-амалынан 31 оралман зардап шеккен. Жалпы көлемі 284 миллион теңге шығын жасалды.