Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы Королев көшесінде бес қабатты тұрғын үйде 24 шілдеде сағат 22.20-да 8 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде 70 жастағы ер адам мен 72 жастағы әйелдің мәйіттері табылды.
Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 10 адамы мен 3 техникасының күшімен сағат 23.10-да сөндірілді.