Екібастұзда өртсөндірушілер өрттен екі адамды құтқарды

Екібастұз қаласында Кеншілер көшесі бойындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде 4-қабаттағы пәтерден өрт шықты.

ТЖД күшімен құтқару қалпақтары арқылы баспалдақ маршымен екі адам құтқарылды. Өрт 10 шаршы метр аумақта жедел сөндірілді.

"Зардап шеккендер жоқ. Өрт шыққан жағдайда 112 нөмеріне хабарласыңыз!" - деп кеңес берді құтқарушылар.