Екібастұзда өз сәбиін өлтірген әке қамауға алынды


Ол биыл ғана жарық дүние есігін ашқан туған ұлының денесін ауыр жарақаттағаны үшін айыпталуда. Алған жарақатынан нәресте ауруханада көз жұмды.

ҚР ҚК 103-бабының 3-бөлімі (адам денсаулығына оның өліміне әкелген ауыр залал келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды, делінген ІІД баспасөз орталығы таратқан ақпаратта. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.