Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, Екібастұз қаласының тұрғыны қаржы полициясына арыз тапсырғаннан кейін, күдікті құрықталды. "Ол хабарлағанындай, құжаттандыру және тіркеу бөлімінің бастығы төл құжатты тез арада дайындап беру үшін одан 10 мың теңге мөлшерінде пара сұраған", - деді Павлодар облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі департаментінің баспасөз хатшысы Найля Бекжанова.
21 қаңтарда шұғыл шараларды ұйымдастыру кезінде күдікті қолға түсірілді. Екібастұз қаласының әділет басқармасының құжаттандыру және тіркеу бөлімінің 41 жастағы бастығына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 311 бабының 2 тармағы (лауазым иесінің пара алуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Егер сот оның күнәсін толық растайтын болса, онда ол 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін", - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Бұл Павлодар облысы бойынша мемлекеттік органдары қызметкерлерінің сыбайлас-жемқорлық қылмыстарға қатысы бар үшінші оқиға.
Бұдан бұрын хабарлағанындай, бір апта бұрын Екібастұздың әкімшілік сотының аумақтық бөлімінің бір қызметкері пара талап еткені үшін уақытша тергеу қапасына қамалды. Күдікті қала кәсіпорындарының бірінен ақшаны өндіріп алу ісін жеделдету үшін зардап шеккеннен (250) пара сұраған. Бірнеше күннен кейін, 18 қаңтарда 100 мың теңге мөлшерінде пара алу кезінде Павлодар қаласының Солтүстік ішкі істер бөлімінің екі қызметкері құрықталды. Тергеушілер қарулы қарақшылық іс бойынша жеңілдетілген шешім шығару үшін пара талап еткен.