Екібастұзда пәтердегі өртті сөндірген кезде екі баланың мәйіті табылды

Министрлік ақпаратына сәйкес, өрт 20-маусым күні күндіз Абай көшесінің бойындағы көп пәтерлі үйлердің бірінде шыққан. Пәтердегі өртті сөндірген кезде 5 жасар қыз бен 3 жасар ұлдың мәйіті табылды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.