Әкімшілікке жұмыс уақытында келген Екібастұздың 37 жастағы тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді. Оқиға орнынан кеудесі күйген деген диагнозбен оны жедел жәрдем көлігі ауруханаға алып кетті.
Ақпарат көзінің хабарлауынша, екінші топтағы мүгедек жан облыстық жүйке ауруына шалдыққандар диспансерінде тіркеуде тұратын көрінеді.