Атап айтсақ, Екібастұз қалалық сотының судьясы Болатжан Акбербаев өзінің қызмет бабын пайдаланып сотталушылдан ірі көлемде пара алғаны үшін айыпты деп танылды.
Сондай-ақ, Павлодар облыстық сотының төрағасы Ермек Серекбаевтың баспасөз мәслихатында хабарлағанындай, таяуда Ақсу қалалық сотының судьясы Нұрлан Байтөренов қызметінен босталды. Ол "әділеттілік орнатуға кәсіптік тұрғыда лайықты емес" деп танылды.