Екібастұзда республикалық айтыс өтеді

«Атамұра» мәдениет орталығы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жыр додасына көршілес облыстардан жалпы 12 суырып-салма ақын келеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

- Айтыста семейлік Серік Молдабек, қарағандылық Мақсат Аханов, Дидар Қамиев, павлордарлық Қуанышбек Шарманов, баянауылдық Тілек Сейіт, екібастұздық Рауан Қайдаров, Бағдат Әлекбаев, «Алтын домбыра» иегері Аспанбек Шұғатаевтар бастаған сөз сүлейлері бақ сынайды. Аламанның негізгі тақырыбы қаланың мерейтойы, тарихы мен жетістіктерін арқау етіп, Тәуелсіздігімізді жырға қосу, - дейді мәдениет қызметкерлері.

Еске салайық, Екібастұз қаласында өткен жылдың желтоқсан айында халықаралық ақындар айтысы өткен болатын. Аламан доданың бас жүлдесі мен 500 мың теңгелік сыйлықты қарағандылық Дидар Қамиев қанжығасына байлаған еді.