Екібастұзда сенім телефонының арқасында есірткі сатып жүрген әйел қолға түсті

"Есірткі сатушы әйелді ұстау шарасы қалалық полиция бөлімінде орнатылған сенім телефонының арқасында іске асырылды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Оперативтік қызметкерлер ақпаратты тексерді. Бұдан кейін біздің адам күдіктімен байланысқа шығып, бірнеше доза есірткіні сатып алуға келісті. Әйел 1,3 грамм апиынды беріп жатқан кезде қолға түсті", - дейді полициядағылар. Сонымен бірге, Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Жанар Біләлованың ақпаратына сәйкес, ұсталған әйелдің тұратын үйінде тінту жүргізген кезде де есірткі табылды.

"Оперативтік қызметкерлер құпия орыннан сатуға дайындап қойған 5 грамм апиын тапты", - деді Ж. Біләлова. Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 259 бабы (есірткілік заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, ұқсату, жөнелту, өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Бұл әйелді кәнігі қылмыскер деп атауға болады. Өйткені, 48 жылдың өмірінің 24 жылын ол темір тордың артында өткізген. Соңғы рет ол осыдан екі жыл бұрын қамаудан босап шыққан", -дейді полициядағылар.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жалпы алғанда жыл басынан бері өңірде есірткі таратуға қатысты алты дерек анықталды. Оның алты дерегі героин сатуға байланысты.

"Біз қырағылық пен белсенді азаматтық ұстанымдағы өз өңіріміздің тұрғындарына ризашылығымызды білдіреміз", - дейді ІІД-дегілер. Мұндағылар жасалған немесе жасалғаны жатқан заң бұзушылықтан хабардар кез-келген адамның сенім телефонын пайдалана алатынын еске салды. Полиция бұл ретте құпиялық сақталатынына толық кепілдік береді.