Екібастұзда Шешенстан аумағында ауыр қылмыс жасағаны үшін Ресей азаматы ұсталды

Күдікті Екібастұзда өзінің таныстарының үйінде жасырынып жүрген. Оны ҰҚК-нің Павлодар облыстық департаменті мен көші-қон полициясының қызметкерлері 30-қыркүйекте "Іздеу" шарасының барысында ұстады.

Волгоград облысы Осиновка ауылының тумасы Уайыс Садықовқа Грозный милициясы 2006-жылдың наурыз айында мемлекетаралық іздеу жариялаған. Ж.Сүлейменовтың айтуынша, оған Шешенстанның Ачхой-Мартан ауданының Самашки ауылында қарақшылық шабуыл жасаған деген айып тағылуда. "Садықовтың үстінен Ресей Қылмыстық кодексінің 162-бабы, 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалған",- деді ол.

Павлодар полициясы оның ұұсталғаны туралы Ресей ІІМ-іне хабарланды. Қылмыскер таяу уақыттарда экстрадицияланады.

Ж.Сүлейменовтың айтуынша, "Іздеу" шараының барысында Павлодар облысының аумағында қылмыстарға қатысы болуға байланысты іздеуде жүрген 40 адам ұсталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті