Екібастұзда Социалистік Еңбек Ерін өлтірген күдікті ұсталды

Еске сала кетейік, 13 маусымда Екібастұзда өз үйінде күштеп өлтірілген  90 жастағы С. Куржейдің мүрдесі табылды. Қылмыскерлер ауладан марқұмның ұлының  «Хонда» көлігін ұрлап кеткен.

Оқиға орнына Екібастұз қаласының ІІБ тергеу-жедел тобы мен ІІД арнайы тергеу-жедел тобы келді. «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері іздестіру шараларын  қолға алды. Павлодар облысының барлық бөлімшелеріне  бағдар берілді, жедел іздестіру нәтижесінде «Екібастұз-Павлодар» автожолында ұқсас белгілерімен ұрланған көлік анықталды, қылмыс жасағандар құрықталды.


Ұсталғандардан заттай айғақтар табылды,  қылмыстарын мойындауда.