Екібастұзда су қамтамасыздығына қатысты күрделі ахуал қалыптасты



Тұтынушардың берешегіне байланысты канал қазір энергетиктерге 380 млн. теңге борышты болып отыр. Электр қуатының жоқтығынан шілденің ортасынан бері филиал Екібастұз су қоймасын сумен толтыруға арналған насосты агрегаттарды іске қосқан жоқ. Соның салдарынан су тапшылығы 120 млн. текше метрді құраса, су деңгейі белгіленген межеден 1,5 метрге төмендеген. Екібастұз су қоймасын сумен толтыру проблемасына байланысты су тазарту қондырғыларының жұмысы тоқтап қалу қаупі төнуде. Қоймадағы судың жиі алмастырылмауына байланысты ондағы судың сапасы төмендеп барады.
"Егер біз күн суытқанға дейін суды айдамасақ, онда су деңгейі белгіленген мөлшерге дейін жетпей, канал қатып қалуы мүмкін. Ондай атты күн туса, тек Екібастұз ғана емес, республиканың бүкіл орталық аймақтары судан қағылады",- деді В.Егер.
Дәл осындай жағдай үш жыл бұрын да қалыптасып, төтенше жағдай жарияланған болатын. Ал биыл төтенше жағдай жариялау туралы ұсынысты жергілікті билік қолдамай отыр.
Филиал бойынша жалақы берешегі 22 млн. теңгені, ал зейнетақы қорларына берешек 60 млн. теңгені құрайды.
Каналға берешегі мол басты қарыздар компания - "Екібастұзсу" РМК . Қалалық су-канализациялық шаруашылығы кәсіпорнының басшылығы төлемді қайтара алмау себебін компания шығындарының тарифке сай келмеуімен түсіндіреді. "Екібастұзсу" кәсіпорнындағылар сонымен бірге су көзіне жақын орналасқан Екібастұз канал қызметі үшін Қарағандылық тұтынуларға қарағанда аз төлеуге тиіс деп санайды.
"Монополияға қарсы мекеме бекіткен бізің тариф 2001-жылғы деңгейде қалып отыр",- дейді В.Егер. "Канал біртұтас энергетикалық желіге жататындықтан, бағаны түрліше белгілеу мүмкін емес",- деді ол.
Филиал ұжымы қалыптасқан жағдайдың себептерін анықтау туралы Екібастұз қалалық мәслихаты мен президент әкімшілігіне хат жолдады.
Екібастұзда 140 мыңдай адам тұрады. Қала тәулігіне 63-67 мың текше метр су тұтынады. Қалада бұдан өзге балама су көзі жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті