Екібастұзда жаңа су электр станциясы салынады - үкімет басшысы



"Бұл - Қазақстанның экономикалық тарихындағы ірі жоба",- деді үкімет басшысы.
"ҚР және ҚХР үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес, жаңа станция болашақта көмірін пайдаланатын Екібастұздағы разрездердің әлеуетін зерттеу және техника-экономикалық негіздемесін жасау жөніндегі комиссия құрылды",- деді Д.Ахметов.
"Ел экономикасы дамыған сайын электр қуатына деген сұраныс артып келеді. Қазір біз еліміздегі энергетикалық станцияларды нығайту бағытында күрделі жұмыстарды жүзеге асырып жатырмыз",- деді үкімет басшысы.
Станция 6 блоктан тұрады. Сарапшылардың бағалауынша, жаңа су электр станциясы қазіргі электр қуатының тапшылығын толық жабады.
Қазақстан мен Қытай бірлескен бұл жобаның құны 4 млрд. долларға бағаланып отыр.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті