Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, станцияның энергоблогында 2003-жылдың қараша айында апат болу салдарынан ол толық істен шыққан болатын. Соның салдарынан бір жұмысшы қаза тауып, екі адам жараланды.
Компания блокты жөндеуге 5 млн. доллар жұмсады. Блокты іске қосу нәтижесінде станцияның қуаты 450 МВт-қа артып, 2 мың МВт болды.
Алдағы уақытта станцияның барлық энергоблоктарын қалпына келтіру жоспарланған. Бүгінде 1-ші мемлекеттік аудандық электр станциясының 8 энергоблогының бесеуі жұмыс істеп тұр. Оның үшеуі жұмыс істеп тұрса, қалған екеуі резервте. Биыл Чехиялық компанияның өкілдері 1995-жылы істен шыққан №8 энергоблокты қалпына келтіруге қатысты тұжырымдары мен есептерін ортаға салады. Қалпына келтіруге 1,5 жыл қажет деп күтілуде. Биылғы жылдың ақпан айында станцияда Қазақстан, Ресей, Франция және АҚШ институттары мен кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен №8 энергоблокты қалпына келтіру мәселесіне арналған жиналыс өтті.
Баспасөз мәслихатында атап көрсетілгеніндей, 2005-жылы "АЕS Екібастұз" ЖШС-іне жұмсалатын инвестиция көлемі 7 млн. долларды құрамақ.
2005-жылдың қаңтар-наурыз айларында станцияда 2,1 млрд. кВт/сағ электр қуаты өндірілді. Ал 2004-жылғы тиісті мерзімде 1,8 млрд. кВт/сағ қуат өндірілген. 2004-жылы 7,5 млрд. кВт/сағ қуат өндірілсе, 2005-жылдың аяғына дейін станцияда 8,5 млрд. кВт/сағ электр қуатын өндіру көзделіп отыр. Ал 2006-жылы бұл көлемді 9,5 млрд. кВт/сағ-қа жеткізу межеленген.
"АЕS Екібастұз" ЖШС Павлодар облысында Екібастұз 1-ГРЭС-імен қоса "Майкөбе-Инвест" көмір разрезіне иелік етеді.