Оның айтуынша, қазір станцияның 3, 4, 5 және 7 энергоблоктары жұмыс істеп тұр. Жалпы жүктеме 1520 МВт, резерв - 250 МВт тең.
"Қазір біз алтыншы энергоблокты күрделі жөндеуден өткізіп, модернизациялап аяқтап келеміз. Ол іске қосылған кезде қыс-күз маусымаралық максимум кезінде 2340 МВт электр қуатын өндіруге кірісеміз", - деді басшы.
Оның хабарлауынша, станция жоспарлы тәртіппен жұмыс істеуде, кәсіпорында 150 мың тонна көлемінде қажетті көмір қоры жасалған.