Екібастұздағы 2-ші ГРЭС-тің су қоймасына бір балықшы батып кетті

Облыстық судан құтқару қызметінің қызметкерлері суға батып кеткен адамның мәйітін үш күн бойы іздеді. Су қоймасында қазір ағып жүретін шағын мұздақтар түзілуге және іздестіру шарасы кезінде қатты жел тұруға байланысты құтқарушылар күрделі ахуалда жұмыс істеді. В.Власовтың айтуынша, күз бен қыстың аралығында балықшы қаза тапқан бұл облыстағы алғашқы оқиға.

Бүгінде облыстағы бірқатар су қоймаларында қалыңдығы 15 сантиметрлік мұз түзілгендіктен, қыста балық аулауды кәсіпке айналдырған әуесқойлар мұз үстіне шығып үлгерді.
В.Власовтың айтуынша, жыл сайын қыста дәл осы Екібастұзда күрделі ахуал қалыптасады. "1-ші және 2-ші ГРЭС пен Қ.Сәтпаев атындағы су қоймаларына мұз астынан балық аулауды ұнататын балықшылар көптеп келеді. Алайда, аталмыш су қоймаларына келетін жылы су мұзды шая жұқартып, оның құрылымын өзгертіп жіберетіндіктен, олар аса қауіпті қоймаларға жатады",- дейді ол.