Екібастұздық жас әншілер Мәскеуде өткен «Өз жұлдызыңды жақ!» атты халықаралық байқаудың жүлдегері атанды

деп хабарлады Екібастұз әкімінің баспасөз қызметі.

Бекхан Тілектесов байқаудың 10-13 жас аралығындағы кезеңінде бірінші орынды иеленді. Азалия Хамитова мен кішкентайлар тобының әншісі Санжар Смақов қол жүлдегер атанды. Үшінші орынды Азалия мен Бекхан «Дуэт» аталымы бойынша жеңіп алды.

Жас әншілер қабілеттерін «Орфей» студиясында дамытуда. Қазылар алқасы олардың ұстаздары Ольга Михайлова мен Ирины Аксенованың жұмысын жоғары бағалады.