Бұл туралы "ҰНАМАСА, ҚАРАМА!" атты бағдарламада сұхбат берді, деп хабарлайды Caravan.kz.
"2003 жылы ақпан айында құрылған "Жігіттер" квартетіне биыл 15 жыл. Бұл топтың бөлініп кетпей тұруына бірден-бір себепкер біздің продюсеріміз Ерғали Әбдірайымов. Әрқайсысымыздың мінезіміз, өзіндік ұстанымымыз бар, яғни, жеке ән де айтқымыз келді. Бәріміз де отбасылымыз. Барлығы басшылықтың арқасы" деп әнші ағынан жарылды.
Бұл ретте әнші өзі де продюсер болып, шамасы келмеген соң ары қарай өрбіте алмайтындығына көзі жеткен әнші қанатына алған қос әншіні басқа орталыққа сілтегені жөнінде айтып өтті.
Сұхбат барысында отбасы мәселесі де айтылды. Бір қызығы әншінің жары тек "қожайыным" деп атайтынын да жасырмады. Қол көтеру былай тұрсын, біз ұрыстың не екенін де білмейміз, жарым мені өте қатты сыйлайды, екінші әйел алуыма да қарсы еместігін де айтып өтті.