Министрдің айтуынша, "банктерге кешенді тексеру жүргізілмегелі біраз уақыт болған". Алайда, А.Дунаевтың айтуынша, іс-қызметі тексерілген 35 банктің арасынан жалғыз Қазкоммерцбанк қана "салық мекемелерінің тұжырымына наразылық білдіріп, сотқа шағым түсіру құқығын жүзеге асырды".
Министр "Қазкоммерцбанктен" талап етілген салық төлемдерінің нақты мөлшерін атаудан бас тартты. Оның айтуынша, "сот шешіміне дейін бұл салық құпиясына жататын ақпарат". "Біз салық түрінде аударылуы тиіс төлемдер мөлшері дұрыс есептелді дегенге кәміл сенеміз және бұл ұстанымды сотта қорғап шығуға әзірміз",- деді А.Дунаев.
Қаржы министрінің пікірінше, "еліміздегі банк саласындағы дағдарыс туралы түрлі дақпырттарды доғарған жөн". Кез-келген ірі салық төлеуші секілді, салық мекемелері "Қазкоммерцбанкті" де тексеруге құқылы, деп атап көрсетті министр.