Екінші мәрте тұрмыс құрған Алтынай Жорабаева су жаңа күйеуімен ас ішкен суретін жүктеді

Бұл туралы өнер иесі instagram парақшасында видео жүктеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Жуырда екінші мәрте күйеуге тиген Алтынай Жорабаева жұбайымен дастархан басында отырған суретін жүктеді. Бұған қоса әнші дене қыздырып жаттығу жасаған сәті мен таңғы ас дайындаған кезін бөліскен. Әйтседе Алтынай Жорабаева күйеуінің бет әлпетін маскамен жасырып қойған. Ал желідегілер болса әншіден қол ұстасқан жолдасының түрін көрсетуді өтінген. Оқырмандарды әншінің жаңа күйеуінің қандай екені қызықтырады.

Еске салсақ карантин кезінде бірқатар әншілер екінші мәрте жұп құрған болатын. Олардың арасында Алтынай Жорабаева да бар. Ол өзінен бірнеше жас
кіші жігітке тұрмысқа шыққан
еді.

Және әнші мұндай маңызды қадамға бару үшін ата-анасынның ақ батасын, қыздарымның келісімін алғанын мәлімдеген еді.