Екінші маусымнан бастап Алакөлге пойыздар қатынайды

 "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы Алакөл көліне дейін баратын пойыздарға билет сатыла бастағанын хабарлады, деп жазды sputniknews.kz

2 маусымнан бастап Алакөлге күнара қатынайтын пойыздармен жетуге болады:

  • №22/21 "Қызылорда – Семей" және №6941/6942 "Ақтоғай – Достық" пойыздары құрамындағы "Алматы – Достық" пойыздарының вагондары;
  • №121/122 "Нұр–Сұлтан – Семей" және №6941/6942 "Ақтоғай – Достық" пойыздары құрамындағы "Нұр-Сұлтан – Достық" пойыздарының вагондары;

12 маусымнан бастап аптасына екі рет №54/53 "Нұр-Сұлтан – Достық" пойызы жүреді.