Екінші рет тұрмысқа шыққан Алтынай Жорабаева күйеуінің отбасын көрсетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол қайын сіңілісінің тойына Астанадан Қостанайға барды. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасына енесімен, қайын інілері және қайын сіңілісімен түскен суретін жариялады.

“Міне, Алланың қалауымен осындай отбасымыз. Әлішер үйдің үлкені. Өзінен кейін үш інісі, бір қарындасы бар”, – деп жазды Алтынай.

Сондай-ақ әнші үлкен енесінің үйінде болған қызық оқиғасымен бөлісті.

“Бүгін екінші күн қонақтамыз. Мамамның (енемнің) мамасының үйіндеміз. Бір қызығы дастархан басына жайғасқанда мамам менен төмен отырып қалыпты. Бұл жақта ондайға аса мән бермейді екен”, – дейді әнші.


Loading...