Ел астанасы Аммандағы жарылыстарға байланысты Иордания королі Қазақстанға ресми сапарын аяқтап еліне оралды



Иордания королі Аммандағы лаңкестік оқиғалар туралы хабар алуға байланысты сапарын аяқтауға мәжбүр болды,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Шетелдік БАҚ-тардың ақпаратына сәйкес, өткен түнде Амандағы Grand Hyatt, Radisson SAS және Days Inn. атты халықаралық мейманханаларда бірнеше жарылыстар болған. Алдын-ала мәліметтер бойынша жарылыстардан 67 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Иордания королі Абдалла II бен Хусейн бен Талал бен Абдалланың елімізге жасаған тұңғыш ресми сапары 11-қарашада аяқталуға тиіс болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті