Ел аумағының басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ және бұрқасын болады

Тек оңтүстік-батыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Ақтөбе, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасындатады, көктайғақ, түнде кей жерлерінде, күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.  

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз желдің күші 15-20 м/с.


Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, желдің күші 15-20 м/с болады.

Күндіз Атырау облысында жел 17-22 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

 Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ болуы ықтимал.