«Оқушы қыздар бүгін түске дейін Алматыдан табылды. Екеуі де дін аман қаладағы пәтерлердің бірінен табылды. Қыздардың айтуынша, олар Алматыны көру үшін Талдықорғаннан өз еріктерімен кетіп қалған», -дейді өңірлік ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет.
К. Нұрахметтің сөзіне қарағанда, қос құрбыны қазір Алматыдан Талдықорғандағы өңірлік ІІД-ге апара жатыр. Қыздар тек ұялы телефонын қосқаннан кейін ғана табылыпты. Бұған дейін олардың телефондары үнемі сөндірулі тұрған.
Еске сала кетейік, Талдықорғандағы мектептің 8 және 9-сынып оқушылары 29 сәуірде жоғалып кеткен болатын. К. Нұрахметтің айтуынша, қыздарды іздеуге 200 полицей, 150-дей әскери қызметкерлер, сыныптастары мен мұғалімдерінен құралған 200-ден аса еріктілер жұмылдырылған.