Ел кубогі үшін ойында «Ақжайық» «Ақтөбені» ұтып кетті

өткен жылғы күміс жүлдегер «Ақтөбені» өз алаңында қабылдады.

Ойынның 74-минутында қонақтардың капитаны Самат Смақов есеп ашып, матч осылай аяқталатындай көрінген. Алайда қосымша уақытта жиырма жасар Бауыржан Омаров есепті теңестіріп кетті. Пенальтиден 4:3 есебімен оралдықтар жеңіске жетті.

«Ақжайық» енді 20 сәуірде Қазақстан кубогінің 1/8 финалында сырт алаңда «Таразбен» кездеседі.

Бірінші лиганың 24 сәуір күнгі беташар ойынын оралдықтар Сәтпбаевта жергілікті «Қазақмыспен» өткізеді. Бірінші лигада биыл 18 клуб күш сынаспақ.

Маусымды сәтті бастаған «Ақжайық» премьер-лигаға қайта оралуды мақсат етіп отыр. Команда басшыларының айтуынша, бұл оңайға түспейді. Өйткені бірінші лигада да бәсекелестік күшті, командалардың шеберлік деңгейі теңесіп келеді.